Атырау облысында шұғыл эвакуация: Сағыз ауылы су астында қалды

0
851

Атырау облысында Ноғайта өзенінің тасуы салдарынан Сағыз ауылы су астында қалды.


Атырау облысында шұғыл эвакуация: Сағыз ауылы су астында қалды

ERNUR.KZ. Жергілікті тұрғындар шұғыл түрде ауылдық колледж бен мектепке көшірілді, деп жазады Zakon.kz.

Қазір су басу қаупі бар 24 үйден адамдар эвакуацияланып жатыр. Тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіз жерге, ауылдық колледж бен мектепке эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде, - деп атап өтті ATPress.kz басылымында.

Ақпаратта айтылғандай, азаматтарды эвакуациялауға және қорғаныс бөгеттерін салуға еріктілер мен түрлі кәсіпорындардың қызметкерлерін қосқанда барлығы екі жүз адам жұмылдырылды.