Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты

0
500

Қайғылы оқиға 26 маусымда сағат 16:00 шамасында болған.


Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Атырау облысында жантүршігерлік жол-көлік апатынан 5 ада мерт болды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға 26 маусымда сағат 16:00 шамасында болған.

«Республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 31-шақырымы тұсында Toyota Hiluxe және Hyundai Tucson автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Hyundai Tucson көлігінің 37 жастағы жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы оқиға орнында қаза болды», - деінген ПД хабарламасында.

Ал Toyota Hiluxe автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді.

Көлік апатына жүргізушілердің жолда жүру ережесін сақтамауы себеп болған. Қазір аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.