Оқиға кеше, 30 мамыр күні Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сафон ауылында болған.
ERNUR.KZ. Жасөспірім жасанды су арнасынан бір үйір жылқы айдап бара жатып абайсызда аттан құлап, суға батып кеткен, деп жазады inbusiness.kz.
"Мой город" порталының мәліметінше, ауыл тұрғындары ол құлағаннан кейін жарты сағат ішінде баланың денесін тауып алып, туыстарына тапсырған.
Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысында тағы бір жасөспірім суға батып кетті. Ол рұқсат етілмеген канал суына түсіп, батып кеткен.