Атырау облысында жоғалған малшыларды тікұшақпен іздеп жатыр

0
662

Облыста екі малшы жоғалып кеткен, екеуінің із-түссіз кету уақыты екі түрлі.


Атырау облысында жоғалған малшыларды тікұшақпен іздеп жатыр

ERNUR.KZ. Атырау облысында малшылар жоғалып кетті, деп жазады sputnik.kz.

Облыста екі малшы жоғалып кеткен, екеуінің із-түссіз кету уақыты екі түрлі. Бірі – жеті күннен бері жоқ. Ол Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 70 шақырым жерде шаруа қожалығында мал баққан.
"29 мамыр күні іздестіру-құтқару жұмыстарына "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Бортында 5 экипаж мүшесі, ТЖД 4 қызметкері және туысқаны бар", - дейді ведомство.
24 мамырда сағат 15:12 шамасында Жылыой ауданында малшы шаруа қожалықтарының бірінен шығып, қайтып оралмағаны туралы құтқарушыларға шақырту түскен. 1986 жылы туған малшы жігіт 23 мамырда сағат 17:00-де Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 70 шақырым қашықтықта орналасқан шаруа қожалықтарының бірінен шығып кеткен.
Дәл осындай жайт Құрманғазы ауданынан 120 шақырым қашықтықта орналасқан Ж.Нажимеденов ауылына қарасты Қошалақ елді мекенінде болған. "Теміржанов" шаруа қожалығынан 26 мамырда сағат 14:00 шамасында мал іздеуге шығып кеткен 1963 жылы туған азамат қайта оралмаған. Іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.