Атырау облысында жүкті әйел жансақтау бөлімінде қайтыс болды

0
622

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Атырау облысында жүкті әйел жансақтау бөлімінде қайтыс болды

ERNUR.KZ. Атырау облысында 29 жастағы келіншек жүктіліктің 36-аптасында қайтыс болды, деп жазады Inbusiness.kz.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, науқас 5 желтоқсанда "жедел фарингит" диагнозымен ауруханаға түскен. Келесі күні ол жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Марқұмның артында бір жасар баласы қалды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама тағайындалды.