Атырау – Орал тасжолында көлік апатынан жүргізуші мен сәби қаза тапты

0
2 580

Жол апатынан 18 жастағы бозбала зардап шекті.


Атырау – Орал тасжолында көлік апатынан жүргізуші мен сәби қаза тапты

ERNUR.KZ. Атырау облысында болған жол-көлік апатынан екі адам қаза тапты, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Атырау – Орал тасжолында Lada Granta және Kia Rio көліктері соқтығысып, жол-көлік апаты болды. Оқиға орнында Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі мен кішкентай бала көз жұмды», - делінген ПД хабарламасында.

Сондай-ақ, жол апатынан зардап шеккен 18 жастағы жігіт Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. Түрлі жарақат алған бозбалаға дәрігерлер шұғыл түрде ота жасап, аман алып қалды.

Қазіргі уақытта жол-көлік апаты дерегі бойынша сараптама тағайындалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.