Атырау тұрғыны таныстарын тонап, үй иесіне қылмыс туралы өзі хабарлаған

0
547

Ұрылар белгісіз бір себептермен өзге де зергерлік бұйымдарға және бір жарым миллион теңгеге қол тигізбеген.


Атырау тұрғыны таныстарын тонап, үй иесіне қылмыс туралы өзі хабарлаған

ERNUR.KZ. Атырауда 47 жастағы ер адам жолдастарының үйіне барып, сол жерден 14000 доллар мен зергерлік бұйымдарды қолды қылған, деп жазады kaz.nur.kz.

Ол барлық күдіктерді өзінен аластатуға тырысты. Әуелде пластик терезе жақтауын сындырып, аулаға сейфті лақтырып жіберді... Бір сөзбен айтқанда, ер адам үйге бейтаныс адамдар кіргендей кейіп танытқысы келген. Содан кейін өзі үйдің иесіне тонау туралы хабарлапты.

Атырау облысының ПД-ның хабарлауынша, оқиға орнына келген жедел уәкілдер оларға ұсынылған нұсқадан бірқатар сәйкессіздіктерді байқаған. Айтуларынша, ұрылар белгісіз бір себептермен өзге де зергерлік бұйымдарға және бір жарым миллион теңгеге қол тигізбеген.

Нәтижесінде ер адамнан қайтадан жауап алынды, содан кейін ол құрықталды. Сондай-ақ, одан ұрланған зергерлік бұйымдар мен ақша табылды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда, сот қамауға алынған адамға еш жерге кетпеу туралы қолхат түрінде алдын-алу шарасы ретінде санкция берді.