Атырауда 10 жасар бала кәрізге құлап кетті

0
1 169

Атырау облыстық балалар ауруханасы баланың 2011 жылы дүниеге келгенін хабарлады.


Атырауда 10 жасар бала кәрізге құлап кетті

ERNUR.KZ. Атырауда бала кәрізге құлап кетті. Түрлі жарақат алған 10 жасар бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп жазады zakon.kz.

Оқиға кезінде түсірілген фото Instagram-дағы парақшалардың бірінде жарияланды. Оқиға 20 мамырда болған.

Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептің қасында бастауыш сынып оқушысы кәрізге құлап кетті, – делінген хабарламада.

Атырау облыстық балалар ауруханасы баланың 2011 жылы дүниеге келгенін хабарлады. Ол ауруханаға 12:25-те жедел жәрдем көлігімен жеткізілді.

"Баланы травматологтар қарады. Екі проекцияда бас сүйегінің рентгені түсіріліп, алғашқы хирургиялық ем жүргізілді. Диагноз: оң жақта тізе аймағының жұмсақ тіндерінің көгерген абразиясы және бастың самай бөлігінің жұмсақ тіндерінің көгеруі. Бала тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық бақылауға жіберілді", - деп жазады Атырау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі.

«Атырау облысы су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны «көрсетілген аумаққа құдық орнатылып жатқанын» хабарлады.

"Жұмыс орны қоршалған. Құдықтың өзі жабылған. Құдық қабырғасындағы бос жерді ғана толтыру қалды. Жұмысшылар қабырғаны толтыру үшін топырақтың жеткізілуін күтті. Қасынан өтіп бара жатқан бір топ жігіт кенет қоршаудың артына жүгірді. Балалар тоқтаңдар деген ескертуге жауап бермеді. Салдарынан олардың бірі абайсызда құдықтың шетіндегі ойыққа түсіп кеткен. Қазір баланың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, тек жеңіл жарақаттар алған", - дейді «Атырау облысы су арнасы» КМК.