Атырауда 6 айлық сәби SIM-карта жұтып қойды

0
664

Қазіргі уақытта бүлдіршіннің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.


Атырауда 6 айлық сәби SIM-карта жұтып қойды

ERNUR.KZ. Атырауда ұялы телефонның сим-картасы 6 айлық қыздың тыныс алу жолдарына кіріп кеткен, деп жазады inbusiness.kz.

Анасының айтуынша, сәби кенеттен жөтеле бастаған. Баланың жағдайын байқаған әйел адам дереу жедел жәрдем шақырып, қызының бірдеңені жұтып, тұншығып жатқанын айтқан. Жедел жәрдем диспетчері шақыруды дереу дәрігер-консультанттың пультіне ауыстырды.

"Дәрігер-кеңесші Гүлназ Қырықбаева баланың туыстарына алгоритм бойынша "Қоңырауды ұстап тұру" әдісі бойынша кезең-кезеңімен әрекеттерді ұсынуға кеңес берді. Телефон арқылы алғашқы медициналық көмек көрсеткен дәрігер-консультанттың арқасында баланың өмірі аман қалды. Дәрігердің телефон арқылы берген нақты нұсқауы бойынша туыстары бөгде затты өз бетінше алып шықты", - деді облыстық жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары Наргиз Баймолдаева.