Атырауда ақпанда жоғалған жігіттің мәйіті контейнерден табылды

0
697

​Атырау облысындағы Талқайран ауылының тұрғыны осыдан екі жарым ай бұрын үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.


Атырауда ақпанда жоғалған жігіттің мәйіті контейнерден табылды

ERNUR.KZ. Атырауда 6 ақпанда із-түзсіз жоғалған 29 жастағы Наурыз Айтекешовтің мәйіті табылды, деп жазады sputnik.kz.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мәйіт 17 сәуірде сағат 13:00 шамасында Атырау-Индер тасжолына жақын маңдағы Талқайран ауылы шаруа қожалығының контейнерінен табылды.

"Марқұмның денесінде жарақат іздері жоқ. Мәйіт қалалық мәйітханаға тапсырылды", - дейді тәртіп сақшылары.

Айта кетейік, Талқайран ауылының тұрғыны осыдан екі жарым ай бұрын үйден кетіп, қайта оралмаған. Осы уақыт ішінде оны туыстарынан бөлек еріктілер, полиция және шұғыл көмек қызметінің мамандары іздеді.