​Атырауда балық аулау маусымы басталды

0
1 827

Ауланған балықтардың арасынан қаракөз, сазан, табан, жайын, және қылышбалықтардың бар екені байқалады.


​Атырауда балық аулау маусымы басталды

ERNUR.KZ. Атырауда Жайық өзеніндегі мұздың толықтай еруіне байланысты, өндіріс кооперативтерінің балықшылары балық аулау маусымын бастады, деп жазады ҚазАқпарат.

Балық аулау жұмыстарына бірінші болып «Амангелді» ЖШС кәсіпорнының бригадасы шықты.

Атырау облыстық орман және жануарлар дүниесін қорғау инспекциясы (балық инспекциясы) жетекшісінің орынбасары Арман Молдашевтың айтуынша, осы ЖШС балықшылары өзеннің төменгі жағында «Золотенок»және «Төменгі Дамбадағы»екі бағытта балық аулай алады. Үш күн бойы (12 наурыздан 14 наурызға дейін) «Амангелді» ЖШС балықшылары белгілі бір түрдегі 12 тоннадан астам балықты ұстады: «Золотенок» учаскесінде 5,426 келі, «Төменгі Дамба» учаскесінде - 7,153 келі.

Негізінен, ауланған балықтардың арасынан қаракөз, сазан, табан, жайын, және қылышбалықтардың бар екені байқалады.