Атырауда бір тәулік бұрын жоғалған баланы іздеуге үш дрон қолданылуда

0
1 084

400-ге жуық тұрғын мен еріктілер, Ұлттық ұланның 50 әскері, 20 техника мен 100-ден астам полиция қызметкері іздестіруді жүргізіп жатыр.


Атырауда бір тәулік бұрын жоғалған баланы іздеуге үш дрон қолданылуда

ERNUR.KZ. Атырауда бір тәулік бұрын жоғалған баланы іздеуге дрон қолданылуда, деп жазады ҚазАқпарат.

Кеше Атырау қаласындың «Жұлдыз» шағынауданындағы үйінен із-түзсіз жоғалған баланы іздеу әлі жалғасып жатыр.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 06:30-дан бері қала мен жақын маңдағы елді мекендердің 400-ге жуық тұрғыны мен еріктілері, Ұлттық ұланның 50 әскері, 20 техника мен 100-ден астам полиция қызметкері іздестіруді жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар департаментінен 16 қызметкер, 4 техника және 2 қызметтік ит тартылды. Олар шағынаудандағы 50-ден астам көшеніі жан-жақты тексеріп шықты.

Жоғалған балақайды іздеуге барысында 3 дронмен әуеден видеобақылау жүргізілуде.

Бұған дейін Атырауда 1,5 жасар сәби жоғалғанын, оны іздеуге 50 волонтер қосылғанын, оған 400 ерікті қосылғаны айтылған еді.