Ол 13 қазанда үйінен шығып кеткен.
Фото: Атырау облыстық полиция департаменті
ERNUR.KZ. Атырауда егде жастағы ер адам 10 күн бұрын жоғалып кеткен. Содан бері үйіне оралмаған, деп жазады inbusiness.kz.
Жоғарған ер адам туыстарының айтуынша, Жұматай Жапаровтың 13 қазанда түнгі сағат 22:00 шамасында үйінен шығып кеткен. Ол Атырау қалалық әкімдігіне қарайтын Дамбы ауылдық округіндегі Құрманғазы ауылында тұрған.
"Осы кезге дейін үйіне кері оралмаған ер адамды жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Із-түзсіз кеткен ер адам туралы қандай да бір ақпарат болса, 102 нөміріне дереу қоңырау шалып, хабарлауды сұраймыз", –деп мәлім облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.