Атырауда әйелінің мойнына пышақ қадап алған ер адамды полиция таба алмай жатыр (видео)

0
564

Сатының астына тығылған ер адам азаматтық әйелін аяусыз пышақтап кеткен.


Атырауда әйелінің мойнына пышақ қадап алған ер адамды полиция таба алмай жатыр (видео)

ERNUR.KZ. Атырауда жантүршігерлік оқиға болды: жұмыс орнында сырттағы дәретханаға шыққан әйелді бұрынғы күйеуі бірнеше жерден пышақтап кеткен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиғаның видеосы Дина Таңсәрінің әлеуметтік желісінде жарияланды. Қоғам белсендісінің жазуынша, 33 жастағы әйел дүкенде сатушы болып жұмыс істеген. Қаладағы ірі супермаркеттің дәретханаға шығатын жолы подьезде орналасқан екен. Қаскөй сатының астына тығылып тұрып, әйелді жығып алып, мойнына бірнеше жерден пышақ сұққан. Оқиға 9 маусым күні болғаны хабарланып отыр.

«9 маусымда Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінде 33 жастағы әйелді өлтіруге оқталу фактісі бойынша 29 жастағы күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті анықталып, оны ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», - деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір пышақталған әйел жансақтау бөлімінде жатқаны белгілі болып отыр.