Атырауда Хиуаз Доспанованың ескерткіші жоғалып кетті

0
604

Ұлы Отан соғысының қатысушысы, ұшқыш Хиуаз Доспановаға арналған ескерткіш бұл жерде 2010 жылы пайда болған.


Атырауда Хиуаз Доспанованың ескерткіші жоғалып кетті

ERNUR.KZ. 14 мамыр, сенбі күні Атыраудағы орталық көпірдің астындағы саябақта Хиуаз Доспанованың ескерткіші жұмбақ жағдайда жоғалып кетті. Жәдігерді таба алмаған тұрғындар дабыл көтерді, деп жазады Stan.kz.

Ұлы Отан соғысының қатысушысы, ұшқыш Хиуаз Доспановаға арналған ескерткіш бұл жерде 2010 жылы пайда болған. Демалыс орнын қала тұрғындары бірден ұнатты. Алайда өткен демалыста жәгіерді орнынан таба алмаған тұрғындар әбігерге түсті.

"Мүсінді дөрекі түрде шешіп әкеткен. Қайда, не үшін алғандары белгісіз. Бұған дейін адамдар мұнда демалатын. Доспанованың ескерткіші бар саябақ қаланың көрнекі жері еді", - дейді саябаққа жақын маңда тұратын тұрғындар.

Ескерткіштің орнында қазір QR-коды бар тіреуіш пен "Тарихи-мәдени мұра нысанын мемлекет күзетеді" деген жазу бар.

Қала әкімдігі бұған қатысты жауап бермеді. Есесіне жергілікті "детективтер" жеке тергеу жүргізіп, ұшқыштың мүсінін тапты. Мәдени жәдігер Бірінші аймақта орналасқан Хиуаз Доспанова атындағы мектеп территориясынан табылды.

Мектептің құрылуына 70 жыл және Доспанованың туғанына 100 жыл толуына орай, білім ордасында ескерткішті салтанатты түрде таныстыру рәсімі өткен. Іс-шараға Доспанованың ұлы Ерболат Әміров қатысқан.