Атырауда кішкентай балаға оқ атқан екі жасөспірім ұсталды

0
694

Оқиға кеше, 1 қыркүйекте сағат 20:00 шамасында болған.


Атырауда кішкентай балаға оқ атқан екі жасөспірім ұсталды

ERNUR.KZ. Атырауда кішкентай баланы пластик оқпен атқан екі жасөспірім ұсталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кеше, 1 қыркүйекте сағат 20:00 шамасында болған.

«Атырау қалалық полиция басқармасы №2 полиция бөліміне 1976 жылғы әйел ұлына көрші аулада тұратын жасөспірімдер травматика қарумен оқ атқанын хабарлаған. Тексеру кезінде Атырау қаласының СМП-136 шағын ауданындағы №4 үйдің ауласынан 12 жасар екі жасөспірім анықталды. Жасөспірімдердің теріс қылығы үшін 5 ата-анадан жазбаша арызы алынды. Сондай-ақ, пластик оқ атылатын ойыншық тапаншалардың суық қаруға жататынын анықтау мақсатында сараптама тағайындалды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Оқ атқан жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігімен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру, олардың құқықтарымен және мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) хаттама толтырылды. Жинақталған іс құжаттары мамандандырылған кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотқа жолданады.