Атырауда көлік қоятын гараж ішінде тәтті нан дайындағандар анықталды

0
932

Нан пісіретін жерде күрекпен жұмыс жасағандар жұртты шошытты.


Атырауда көлік қоятын гараж ішінде тәтті нан дайындағандар анықталды

ERNUR.KZ. Атырауда адам шошырлық лас жағдайда жұмыс істеп келген жасырын кондитерлік цех әшкере болды. Оңай олжа таппақ болғандар көлік қоятын гаражды пайдаланған, деп жазады "Астана" арнасы.

Цехте қанша уақыт бойы тазаланбаған ыдыс-аяқтар, шашылған тәттілер, әр жерде жатқан қап-қап ұн толы. Қызметкерлерден де тазалық байқалмайды.

Цех иесі бастапқыда түсірілім тобына қарсылық танытқан. Кейін кінәсін мойындады. Айтуынша соңғы екі ай бойы тәтті нан-тоқаш өнімдерін қала дүкендеріне таратып келген. Дейтұрғанмен қазір оның кәсіпкер ретінде ресми тіркеуде бар-жоғы, жұмысшыларының санитарлық кітапшалары тексерілуде.

"Өздеріңіз көріп отырғандай, барлық қызметкерлері униформа пайдаланбай жұмыстарын атқаруда.+Қазіргі жағдайда бұл кісілердің жеке басын анықтаудамыз. Соған байланысты "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 425-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деді Атырау қалалық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы Ернар Әбулхайыров.