Атырауда коронавирус жұқтырғандардың бірі «Теңіз» кенішінде жұмыс істеген

0
631

Онымен қарым-қатынас жасаған адамдар анықталып, оқшауланып жатыр.


Атырауда коронавирус жұқтырғандардың бірі «Теңіз» кенішінде жұмыс істеген

ERNUR.KZ. Бүгін Атырау облысында коронавирус инфекциясы анықталған науқастың бірі «Теңіз» кенішінде жұмыс істеген, деп жазады ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, 50 жастағы әйел «Теңізшевройл» ЖШС-не қарасты мердігер мекеменің бірінде жұмыс істеген. Ол «Ватернас» вахталық қалашығында тұрған.

«Бұл оқиға компанияның өндірістік жұмысына әсер етпейді. «Теңізшевройл» компаниясы қызметкерлерін вирустан қорғау үшін барлық жағдайды жасады. Қазір мұндағы барлық нысанда дезинфекциялау жұмыстары тұрақты жүргізілуде» -деді компанияның баспасөз қызметі.

Науқас әйел инфекциялық изоляторға жатқызылды. Онымен қарым-қатынас жасаған адамдар анықталып, оқшауланып жатыр.

Еске сала кетелік, бүгін Атырау облысында 4 адамның воронавирус жұқтырғаны жазылған еді.