Атырауда сүйіктісіне сөз салу үшін отшашу ұйымдастырған жігітке айыппұл салынды

0
1 325

Ол 38 892 теңге айыппұл төлейді.


Атырауда сүйіктісіне сөз салу үшін отшашу ұйымдастырған жігітке айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Атырау қаласының Жастар саябағында 18 жастағы жігіт сүйіктісіне сөз салу кезінде пиротехникалық бұйымдармен отшашу ұйымдастырған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Қоғамдық орындағы отшашуды байқаған полиция қызметкерлері жас жігітке қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 436-бабы 2-бөлігіне (Арнайы бөлінбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану) сәйкес әкімшілік хаттама толтырған.

«Сотта құқық бұзушы кінәсін мойындап, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кешірім сұрады. Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, оған 38 892 теңге көлемінде айыппұл салынды», - делінген хабарламада.