​Атырауда тойхана тігін цехына айналды

0
1 000

Қазір кеңейтілген тігін цехында 25 адам жұмыс істейді.


​Атырауда тойхана тігін цехына айналды

«Атыраулық кәсіпкер қаңырап қалған мейрамхананы тігін шеберханасына айналдырған. Қазір кеңейтілген тігін цехында 25 адам жұмыс істейді»,- деп хабарлайды ERNUR.KZ Атырау облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Он саусағынан өнер тамған атыраулық Мейрамгүл Иманғалиева кәсіпкерлікке үлкен дайындықпен келген. Бала тәрбиесімен үйде отырған ана бастапқы кездері "ханшайым мақпалы" деп аталатын екі метр матадан көрпе тігіп жүрген.

«Ол кезде құрақ көрпе жалпыда бірдей болмады. Мен үйде тапсырыс қабылдап, ісімді ұлттық нақыштағы көрпе-төсектер тігуден бастадым"- дейді Мейрамгүл Иманғалиева.

Үлкен тәжірибе жинаған ісмер 2016 жылы өз кәсібін ашады. Ұлттық үлгідегі қыз жасауы мен киім-кешек және түрлі бұйымдарды сәндеп тігетін шебер отбасылық өнерін кеңейтіп, тапсырыс көлемін арттырған. Оның сөзінше, қазір жалпы әлемде болып жатқан қиындыққа қарамастан, қыз жасауына сұраныс артып келеді.
«Тапсырыс көбейіп, қызметкерлер саны артқан соң шағын цехқа сыймауға айналдық. Сол себепті, наурыз айынан бері Атырау қаласының іргесіндегі Көкарна ауылында бос тұрған "Ажар" тойханасын жалға алып, жұмысымызды жандандырдық» - дейді кәсіпкер.
Цехқа соңғы жылдары ою оюға арналған екі лазерлі станок алынған. Қазір айына 100-150 дана жинаққа тапсырыс түседі екен.
Айта кетерлігі, кәсіпкер тігіншілерді тегін түскі аспен қамтып отыр. Сондай-ақ қызметкерлері 150 мың теңгеге дейін жалақы алады екен.