​Aтырауда үйіне темір жол бойымен қайтып бара жатқан студентті пойыз қағып кетті

0
480

Студент қаладағы колледждердің бірінде екінші курс тәмамдаған.


​Aтырауда үйіне темір жол бойымен қайтып бара жатқан студентті пойыз қағып кетті

ERNUR.KZ. Aтырауда үйіне темір жол бойымен қайтып бара жатқан студентті пойыз қағып кетті, деп жазады exk.kz.

Оқиға 6 шілде кешкі 17:00 шамасында Атыраудағы "Қара депо" мөлтек ауданында болған. Студент жолды қысқартып, темір жол бойымен үйіне қайтып бара жатқанда, пойыз қағып кеткен. Денесі бөлшектеліп қалған жас жігіт жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.

"Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр", - деді Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Студент қаладағы колледждердің бірінде екінші курс тәмамдаған. Айта кету керек, осыған дейін тұрғындар пойыз жолынан өтетін өткел салып беру туралы қала әкімдігіне бірнеше рет арыз жазған. Алайда еш нәтиже болмаған.