Атырауда үстіне қақпа құлаған 9 жастағы қыздың жағдайы ауыр

0
318


Атырауда үстіне қақпа құлаған 9 жастағы қыздың жағдайы ауыр

ERNUR.KZ. Атырауда 9 жасар қыздың үстіне қақпа құлады. Жарақат алған қыз бала облыстық балалар ауруханасында жатыр, деп жазады kaz.inform.kz.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, оқиға 8 қазанда болған.

«Ауруханаға күндізгі сағат 15:20-да жарақат алған 2015 жылғы қыз түсті. Пациент басынан ауыр жарақат алған. Қазір аурухананың жансақтау бөлімінда жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған науқастың жағдайы ауыр», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Ал, облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерекке байланысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

«Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері 8 қазан күні тіркелген оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады. Қазір кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.