Атырауда Жайық жағасынан әйелдің денесі табылды

0
1 577

Өлі күйінде табылған 1968 жылғы әйел екені анықталды.


Атырауда Жайық жағасынан әйелдің денесі табылды

ERNUR.KZ. Атырауда Жайық жағасынан әйелдің денесі табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 23 қазанда Жайық өзенінің жағасында белгісіз адамның жатқаны туралы хабар түскен.

«Кеше, 23 қазанда сағат 08:04 шамасында Балықшы шағын ауданы мен Жұмыскер елді мекенін жалғайтын көпірдің астанда өзен жағасында белгісіз адамның денесі табылды. Өлі күйінде табылған 1968 жылғы әйел екені анықталды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.