Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалғанын растады.
ERNUR.KZ. Атырауда Жайыққа батқан 14 жастағы жасөспірімді итеріп жіберу мүмкін. Полиция осы дерекке байланысты қылмыстық іс қозғады, деп жазады inform.kz.
Әлеуметтік желіде «Інімді бірнеше бала Жайыққа алдап апарып, терең тұсына итеріп жіберген. Оны итерген бала мойындады. Мен Жайыққа батқан баланың апасымын» деген әйелдің, әлде бойжеткеннің аудиожазбасы тарады. Оның айтуынша, жасөспірім кеше, 21 тамызда шамамен сағат 20:00 шамасында өзенге батқан.
Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалғанын растады.
«Аталған дерек бойынша барлық жасөспірім полиция бөлімшесіне жеткізілді. Психологтердің қатысуымен жасөспірімдерден жауап алынып жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Кешенді тергеу амалдары басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда Жайыққа батқан 14 жастағы жасөспірім табылмай жатқанын хабарлаған болатынбыз.