Атырауда жанжал соңы 17 жасар жасөспірімнің өлімімен аяқталды

0
538

Марқұмның 18 жастағы ауылдасы күдікке ілінді.


Атырауда жанжал соңы 17 жасар жасөспірімнің өлімімен аяқталды

ERNUR.KZ. Атырауда жанжал соңы 17 жасар жасөспірімнің өлімімен аяқталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қайғылы оқиға 3 шілдеде Махамбет ауданы, Сарытоғай ауылында болды. Кісі қолынан қаза тапқан 17 жастағы жасөспірім жақында жергілікті мектепті бітірген.

«Жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 2005 жылы туған жігіт. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды», деп хабарлады полиция департаменті.

Қатарластарымен арадағы жанжал неден туындағаны әзірге белгісіз.