Атырауда жолда жүздеген "Парацетамол” препараты шашылып қалған

0
738

Белгісіз біреулер қоқыстың қасына "Парацетамол" дәрісін шашып кеткен.


Атырауда жолда жүздеген

ERNUR.KZ. Атырауда жолда жүздеген "Парацетамол” препарат шашылып жатқан, деп жазады stan.kz.

Белгісіз біреулер қоқыстың қасына "Парацетамол" дәрісін шашып кеткен.

Тұрғындар дәрілерді дәріхана тастаған болуы мүмкін екенін айтады. Себебі дәрілердің жарамдылық мерзімі осы айдың соңында бітеді. "109" қызметіндегілер полицияға жүгінуді ұсынған.

Елде мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді жоюдың нақты ережесі жоқ. Бірақ дәріханалар әдетте дәрі-дәрмектерді жабық пештерде жағады. Полигондарға лақтырылған дәрі-дәрмектер күн сәулесінің әсерінен қауіпті химиялық қосылыстар шығаруы мүмкін.