Атыраудың бас санитары екі апта істеп, қызметінен кетті

0
633

Оны 13 шілдеде Атырауға коронавирустық инфекция бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында жіберген.


Атыраудың бас санитары екі апта істеп, қызметінен кетті

ERNUR.KZ. Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабылов қызметінен кетті. Енді ол астанадағы жұмысына қайта оралады, деп жазады baq.kz.

Атырау облысына келген кәсіби вирусологтар мен эпидемиологтардың миссиясы (Нұр-Сұлтан мен Алматыдан) орындалды. Өңірде коронавирус инфекциясы бойынша жағдай тұрақтандырылды. Аймақтағы карантиндік шектеулер бойынша үгіт-насихат жұмыстарын және профилактикалық шараларды жалғастыру маңызды. Біз Нұр-Сұлтанға қайта ораламыз. Мен бұрынғы жұмысым - көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қызметімді жалғастырамын, - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Оны 13 шілдеде Атырауға коронавирустық инфекция бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында жіберген.

Өзінің айтуынша, екі аптаның ішінде аймақтағы COVID-19 жағдайын түзетуге барынша тырысқан.

Айта кетейік, Байғабылов 2020 жылдың 31 наурызынан бастап көліктегі бас санитар дәрігер болып жұмыс істейді. Бұған дейін Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері қызметін атқарды. 2018-2019 жылдары Нұр-Сұлтанда Тауарлар және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментін (Астананың бас санитарлық дәрігері) басқарды.