Қайрат Оразбаев 2020-2022 жылдары әкім болып жұмыс істеген еді.
ERNUR.KZ. Атыраудың экс-әкімі Қайрат Оразбаев ұсталды, деп жазады tengrinews.kz.
Прокуратура Атырау әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қаладағы жер телімдерін заңсыз бөлу дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқаны хабарланды.
"Осы іс аясында 9 қарашада Атырау қаласының экс-әкімі Қ.Оразбаев қамауға алынды, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы талаптарына байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қайрат Оразбаев 2020-2022 жылдары әкім болып жұмыс істеген еді.