Ол баланың әкесіне нәрестенің қайтыс болғанын айтқан.
ERNUR.KZ. Атыраулық әйел сәбиін аукционмен сатып жіберген. Ол баланың әкесіне нәрестенің қайтыс болғанын айтып, өзі сатып алушыларды іздеген, деп жазады zakon.kz.
Әйел сатып алатын екі адамды тауып, көбірек ақша бергеніне баласын ұстатып жіберген. Полиция департаменті ақпаратты растады.
Қазір бұған қатысты "Кәмелетке толмағандардың саудасы" бабымен іс қозғалған. Күдікті әзірше баласының жанында, бостандықта.
"Қазіргі таңда 1991 жылы туған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы, 2-бөлігі, 2-тармағына сәйкес, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Балаға және анасына сот-биологиялық сараптама тағайындалды. Сонымен бірге қазіргі таңда куәгерлерден жауаптар алынды. Өзге ақпапатты жария ете алмаймыз".Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет