Астанада екі күдікті ұсталды, олар 1977 және 1988 жылы туған елорда тұрғындары.
ERNUR.KZ. Степногорскіде жерді қазып зергерлік дүкенге кірген қарақшылар сотталды. Аса ірі көлемдегі ұрлық үшін екеуі 13 жыл жазаны бөліседі, деп жазады tengrinews.kz.
Сот мәліметінше, таныстар туннель қазып, едендегі тесік арқылы құны 71 миллион теңге болатын 1 365 алтын бұйымдарды алып шыққан. Полиция оларды ұстағанда, барлығын сатып үлгерген. Бірақ ақшаны жартылай ғана жұмсаған. Сот отырысында ұрылар кінәсін мойындап, өкінді. Алайда біреуі алты жыл, ал екіншісі жеті жыл түрмеде отыруы керек. Екеуі дүкен иесіне тағы 30 миллион теңге қайтаруы керек.
Еске салайық, олар былтыр мамырда қалалық базар маңында орналасқан зергерлік дүкендердің біріне тонауға түсіп, қылмыс жасаған болатын.
Астанада екі күдікті ұсталды, олар 1977 және 1988 жылы туған елорда тұрғындары. Олардан айғақ заттар, телефондар, құралдар мен көлік тәркіленді.