Ауа райына байланысты елорда әуежайынан ұшатын 16 рейстің уақыты өзгерді

0
939

Бұған қоса ұшып келетін 18 рейс те уақытынан кешігуде.


Ауа райына байланысты елорда әуежайынан ұшатын 16 рейстің уақыты өзгерді

ERNUR.KZ. Ауа-райының қолайсыздығына, атап айтқанда қатты қарлы боранға, ұшу қауіпсіздігі үшін әуе кемелерін мұзға қарсы сұйықтықпен өңдеу жүргізудің мүмкін еместігіне байланысты, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына келіп-кететін ұшақ рейстері кешігіп жатыр, деп жазады Елорда Инфо.

«Қазіргі уақытта 16 рейс ұшуға кешігуде. Бұл "Эйр Астана" әуе компаниясының 10 рейсі (Шымкент-2 рейс, Атырау, Өскемен, Алматы-2 рейс, Ақтөбе -2 рейсі, Дубай, Новосибирск) және "SCAT" әуекомпаниясының екі рейсі (Алматы, Ақтау). Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан – Стамбул бағыты бойынша Turkish Airlines әуе компаниясының рейсі, Нұр-Сұлтан – Дубай бағыты бойынша Флайдубай әуе компаниясының, Нұр-Сұлтан – Франкфурт бағыты бойынша Люфтганза әуе компаниясының, Нұр-Сұлтан – Мәскеу бағыты бойынша Аэрофлот әуе компаниясының рейсі», деп көрсетті ААК баспасөз қызметі.

Бұған қоса ұшып келетін 18 рейс те уақытынан кешігуде. Бұл "Эйр Астана" әуе компаниясының 11 рейсі (Алматы – 3 рейс, Қызылорда, Шымкент - 2 рейс, Орал, Ақтөбе - 2 рейс, Өскемен, Новосибирск), "SCAT" әуе компаниясының 4 рейсі (Алматы, Ақтау, Атырау, Мәскеу), Qazaq Air әуе компаниясының 2 рейсі (Жезқазған, Өскемен) және Нұр-Сұлтан-Мәскеу бағыты бойынша FlyArystan әуе компаниясының рейсі.