Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне енгізілді.
ERNUR.KZ 10 наурыз сағат 10.00-дегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп жазады Azattyq Ruhy.
Қызылорда облысында жалпы ұзындығы 204 шақырым болатын 1 автожол.
- «Қызылорда-Павлодар» - Қызылорда қаласы - Ұлытау обл.
Ұлытау облысында жалпы ұзындығы 208 км болатын 1 автожол.
- «Қызылорда-Павлодар» - Қызылорда облысы-Талап кенті.
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарда күтіп ұстау жұмыстарына 232 бірлік техника және 316 адам жұмылдырылды.