ERNUR.KZ. Елімізде 17 ақпандағы ауа райының нашарлауына байланысты тоғыз облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 15 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп жазады Stan.kz.
"ҚазАвтоЖол" жабылған жолдардың тізімін шығарды:
Абай облысында – жалпы ұзындығы 177 км болатын екі учаске:
- Омбы – Майқапшағай, Қалбатау ауылы учаскесі – Боғас ауылы (барлық түрлер бойынша).
- Қарағанды – Аягөз – Бұғаз, Аягөз учаскесі – Боғас ауылы.
Алматы облысында – жалпы ұзындығы 15 км бір учаске (қар, ауа температурасының төмендеуі):
- Алма-Тау туристік орталығына кіру (жүк және қоғамдық көлік үшін).
Шығыс Қазақстан облысында – жалпы ұзындығы 589 км болатын төрт учаске (қар, боран, көріну мүмкіндігін шектеулі, өздігінен қар көшкіні жүру қаупі бар):
- Өскемен – Риддер – РФ шекарасы, Белоусовка – Риддер учаскесі (тіркеме және жартылай тіркемемен жүк тасымалдайтындар үшін).
- Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катон-Қарағай – Рахмановские ключи – Ушановское ауылы – Алтай, Берел ауылының учаскесі – "Рахмановские ключи" санаторийі (барлық көлік түрлері бойынша жабық).
- Омбы – Майқапшағай – Абай ауданының шекарасы – Зайсан, Үлкен Қаратал ауылының учаскесі – Қытай Халық Республикасының шекарасы (барлық көлік түрлері бойынша жабық).
- Омбы – Майқапшағай – Қалжыр – Марқакөл, Дайыр ауылының учаскесі – Марқакөл ауылы (барлық көлік түрлері бойынша жабық).
Жамбыл облысында – ұзындығы 79 км бір учаске (қар, бұрқасын, көріну мүмкіндігі шектеулі):
- Алматы – Ташкент – Термез, Кенен ауылының учаскесі – Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады).
Жетісу облысында – жалпы ұзындығы 123 км болатын екі учаске (қар, боран, жел, көру мүмкіндігі шектеулі):
- Үшарал – Достық, Көктума стансасы – Достық стансасы (көліктің барлық түрі бойынша).
- Сарыөзек – Көктал – Алтын Емел асуы (көліктің барлық түрі бойынша).
Қостанай облысында – ұзындығы 83 км бір учаске (Ұлытау ауданындағы ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты):
- Жезқазған – Петропавл, Ұлытау облысы шекарасының учаскесі – Арқалық (көліктің барлық түрі бойынша).
Маңғыстау облысында – жалпы ұзындығы 132 км болатын екі учаске (қар, жел, боран, көру мүмкіндігі шектеулі):
- Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау, Жетібай ауылы – Ақтау учаскесі (барлық түрлер бойынша).
- Жетібай – Жаңаөзен – Түркіменстан шекарасы, Жетібай ауылының учаскесі – Жаңаөзен (барлық түрлері бойынша).
Солтүстік Қазақстан облысында – жалпы ұзындығы 230 км екі учаске (жел, қарлы боран, көру мүмкіндігі шектеулі):
- Булаево – Возвышенка – Молодогвардейское – Кирово – Қиялы – Рощинское, Возвышенка ауылының учаскесі – Рощинское ауылы.
- Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – Ресей Федерациясының шекарасы (Омбыға дейін), Кішкенекөл ауылының учаскесі – Ресей Федерациясының шекарасы.
Ұлытау облысында – жалпы ұзындығы 115 км бір учаске (жел, көру мүмкіндігі шектеулі):
- Жезқазған – Петропавл, Ұлытау кентінің учаскесі – Қостанай облысының шекарасы.
Қазір республикалық маңызы бар жолдарда 454 бірлік техника мен 923 адам жұмылдырылған.