​Ауаны ластаған атыраулық кәсіпорындар 13 млрд теңге төледі

0
1 412

Атырау облысында жыл басынан бері атмосфераға зиянды қалдықтар шығарғаны үшін кәсіпорындар 13 млрд теңге айыппұл төледі


​Ауаны ластаған атыраулық кәсіпорындар 13 млрд теңге төледі

ERNUR.KZ. Атырау облысында жыл басынан бері атмосфераға зиянды қалдықтар шығарғаны үшін кәсіпорындар 13 млрд теңге айыппұл төледі, деп жазады ҚазАқпарат.

Атырау облыстық экология департаментінен хабарлағандай, жыл басынан өңірде экологиялық заңнаманың сақталуына қатысты 100-ден аса тексеріс жүргізілген. Соның нәтижесінде 248 бұзушылық анықталған. Зиянды қалдықтар шығарған кәсіпорындарға 196 әкімшілік айыппұл салынды. Қазақстанның экологиялық заңнамасын бұзған кәсіпорындардан бюджетке 13 млрд теңге өндірілді.