Аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын берген жөн деп санаймын - ПРЕЗИДЕНТ

0
661

Бұл, ең алдымен, сол жердегі мәселелерді жедел шешу үшін қажет.


Аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын берген жөн деп санаймын - ПРЕЗИДЕНТ

Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын берген жөн деп санайтынын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Сонымен қатар аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын берген жөн деп санаймын. Бұл, ең алдымен, сол жердегі мәселелерді жедел шешу үшін қажет.

Бұдан бөлек, жергілікті бюджетке жиналатын салыққа қатысты жеңілдіктерді анықтау құқығын аймақтардың өзіне беру мәселесін қарастыру керек. Бұл шара бизнестің дамуына үлкен серпіліс әкелмек. Ұсынылып отырған бастама өте маңызды. Келешекте аймақтардың табысты дамуына айрықша ықпал етеді.
Сол себепті барлық әкім бюджетаралық қатынастардың жаңа үлгісіне көшу кезінде оның біртұтас мемлекетімізге тигізетін пайдасы және тиімділігі туралы ойлауы керек», - деді Тоқаев.