Ұсталған кезде олар ақшаға "Ази" ойнағандарын мойындады.
ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында ақшаға карта ойнаған төрт еркек айыппұлмен жазаланды, деп жазады Zakon.kz.
СҚО-да Шал ақын аудандық сотымен Әкімшілік кодекстің 444 бабы, 1 б. – құмар ойындарға (ақшаға, затқа және өзге де құндылықтарға) бұл үшiн бөлiнбеген орындарда қатысу бойынша төрт әкімшілік іс қаралды.
"Сот анықтағандай, Т., Э., С., Б., және Т. есімді төрт азамат Audi 100 автокөлігінің салонында отырып, ақшаға "Ази" деген құмар ойын ойнаған. Мәшине ішінен ойын карталары, 50 және 100 теңгелік ақша табылып, тәркіленді. Ұсталған кезде олар ақшаға "Ази" ойнағандарын мойындады. Бірақ сотта өз кінәсін мойындаған жоқ, оларға 200 АЕК (505 000 теңге) көлемінде айыппұл салынды" – деп хабарлады сот.