Әуежай мен IT қызметтерінде әлемдік деңгейде ақау шықты: министрлік мәлімдеме жасады

0
541


Әуежай мен IT қызметтерінде әлемдік деңгейде ақау шықты: министрлік мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. Әлемде Windows 10 операциялық жүйесі орнатылған құрылғылардың жұмысында ақау шықты. Цифрлық даму министрлігі бұл жағдай қазақстандық жүйелерге әсер етті ме, жоқ па жауап берді, деп жазады tengrinews.kz.

Министрлік жауабында аса маңызды инфрақұрылымдардың жұмысында ақаулар тіркелмегенін хабарлады.

"Бірқатар елде әуежайлар мен IT қызметтерінде Microsoft операциялық жүйесінің істен шығуына байланысты пайда болған ақауларға қатысты мынаны хабарлаймыз. Қазіргі уақытта маңызды инфрақұрылымдар мен мемлекеттік IT қызметтерінің жұмысында ақаулар тіркелген жоқ. Ешқандай шағым түскен жоқ, барлық жүйе қалыпты жұмыс істеп тұр. Назар аударғаныңызға және сабыр сақтағандарыңызға рақмет", - делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Баспасөз қызметі мәліметінше, министрлік жағдайды бақылап отыр.

Айта кетейік, бүкіл әлемде телеарналар, әуежайлар мен банктер Windows операциялық жүйесі бар компьютерлердің кенеттен өшіп қалуына әкеліп соққан үлкен ақау нәтижесінде өшіп қалған.