Ауруханадан шыққан жігіт жедел жәрдем көлігін ұрлап кеткен

0
459

Ол үйіне жаяу қайтқысы келмеген.


Ауруханадан шыққан жігіт жедел жәрдем көлігін ұрлап кеткен

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында ауыл тұрғыны ауруханадан үйіне жаяу қайтқысы келмей, жедел жәрдем көлігін айдап кеткен, деп жазады aikyn.kz.

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, Бәйтерек ауданына қарасты ауылдың 30 жастағы тұрғыны аяғын жарақаттап, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер оны ауруханаға апарып, жарасын таңып, үйіне жіберген.

Жарақат алған жігіт ауруханадан шыққан соң, кілті ішінде тұрған жедел жәрдем көлігін көрген. Үйіне жаяу қайтқысы келмей, жедел жәрдем көлігін айдап кеткен.

Бірақ, көп ұзамай, мектептің қоршауына соғылды. Жедел жәрдем жүргізушісі оны қуып жеткенімен, науқас аяғының жарақатына қарамастан, қоршаудан секіріп, оқиға орнынан қашып кеткен.

Ер адам ұсталды. Тергеу басталды.