Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі екінші рет үйленді

0
2 291

Ол Facebook парақшасында өміріндегі қуанышты оқиғасымен бөлісті.


Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі екінші рет үйленді

ERNUR.KZ. Қазақстан президенттігіне экс-кандидат, Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Төлеутай Рахымбеков екінші рет үйленді, деп жазады stan.kz

Ол Facebook парақшасында өміріндегі қуанышты оқиғасымен бөлісті.

"Бүгін, 17 желтоқсан, Мұсылмандардың қасиетті күні Жұма күні үлкендердің және Салтушаның туыстарының (Салтанат Рахымбекова бірінші әйелі) кеңесі мен рұқсатымен жаңа отбасын құруды ұйғардым. Неке қию. Рыскелді қажы мешіті", – деп жазды "Ауыл" партиясының мүшесі.

Рахымбеков Төлеутай мырза жарының есімі Айгүл деп жазды. Білімі бойынша экономист, Халықаралық медициналық орталықта жұмыс істейді.

"Менің қолымнан келгені осы, құрметті достарым, сіздерге айтуды қажет деп санаймын. Менің шешіміме қатысты әртүрлі пікірлер, әртүрлі пайымдаулар болуы мүмкін. Бұл менің шешімім және менің Айгүлімнің шешімі", - деп жазды Ауыл шаруашылығы министрлігі мекеме басшысының кеңесшісі.

Айта кетейік, Төлеутай Рахымбековтің бірінші әйелі - Салтанат Рахымбекова. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласты, Қазақстанның Азаматтық Альянсының жетекшісі болды.

Рахымбекова 2020 жылы 2 тамызда Қазақстанда коронавирус індетінің шарықтау шегінде қайтыс болды. Ол 55 жаста еді. Бірлескен некеде ерлі-зайыптылардың екі қызы болды - Әлия (34 жаста) және Айбота (25 жаста).