Ауылдағы көпбалалы аналарға жеке кәсіп бастау үшін 500 мың теңге беріледі

1
4 609


Ауылдағы көпбалалы аналарға жеке кәсіп бастау үшін 500 мың теңге беріледі

ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Қазақстанның ауылдарында тұратын көпбалалы аналарға жеке кәсіп бастау үшін гранттар мен микрокредиттер берілетінін айтты, деп жазады kaz.nur.kz.

"Отбасылық бизнесті ашып, айналысу үшін еліміздің ауылдарында тұратын көпбалалы аналарға мемлекеттік гранттар бөлінеді.

Жаңа кәсіпкерлік үшін 500 мың теңге көлемінде қайтарылмайтын қаржы беріледі.

Микрокредиттеу аясында 2019 жылға белгіленген 14 мың микрокредиттің 5 мыңы жаңа кәсіп бастау үшін ауылда тұратын көп балалы аналар мен мүгедектерге беріледі", - деді министр.

Сондай-ақ, ауылдық көпбалалылар қажетті мамандықтар бойынша бизнес-курстардан білім алатынын жеткізді.

Аналарға үйде отырып жұмыс жасауға мүмкіндік қарастырылады. Министрдің сөзінше, олар киім тігу мен нан пісіру сияқты жұмыстармен айналысу арқылы ресми қызмет атқарғандай дәрежеде болады.