Ауылдастарын ұрып-соққан полицей қызметінен қуылды

0
754

Павлодар облысы полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасы учаскелік полиция қызметкерінің бірнеше адамды ұрып-соғу фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізді.


Ауылдастарын ұрып-соққан полицей қызметінен қуылды

ERNUR.KZ. Павлодар облысында бірнеше адамды ұрған полиция қызметкері жұмыстан шығарылды, деп жазады ulysmedia.kz.

"Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша қызметтік тәртіпті бұзғаны және құқық қорғау органының беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін Ақтоғай ауданының ПБ учаскелік полиция инспекторы "Құқық қорғау қызметі туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 13-тармақшасы бойынша ішкі істер органдарынан босатылды", - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысы полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасы учаскелік полиция қызметкерінің бірнеше адамды ұрып-соғу фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізді.

Ақпарат бұдан бұрын әлеуметтік желілерде жарияланған. Куәгерлердің айтуынша, 5 ақпанда Ақтоғай ауданы Ақжол ауылының учаскелік полицейі ауылдастары мен әйелін ұрып-соққан, сондай-ақ қызметтік автокөлікпен мас күйінде жүріп, өзін тоқтатуға тырысқан тұрғындарға шабуыл жасаған.