Ауылға жұмысқа баратын дәрігерлерге 5 млн теңгеден беріледі

0
398

Атырау облысындағы денсаулық сақтау саласының негізгі проблемаларының бірі – кадр тапшылығы.


Ауылға жұмысқа баратын дәрігерлерге 5 млн теңгеден беріледі

ERNUR.KZ. Ауылға жұмысқа баратын дәрігерлерге 5 млн теңгеден беріледі. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов айтты, деп жазады baq.kz.

"Атырау облысындағы денсаулық сақтау саласының негізгі проблемаларының бірі – кадр тапшылығы. Өңірге 201 маман жетіспейді. Осы мәселені шешу үшін биылдан бастап өңірге келетін дәрігерлерге көрсетілетін әлеуметтік қолдауды күшейіттік", - деп айтты Шәпкенов брифингте.

Ол қандай қолдау:

  • қалалық медициналық ұйымдарға тартылатын дәрігерлерге 3 млн теңгеге дейін, ауылдық жерлерге 5 млн теңгеге дейін бір жолға берілетін жәрдемақы көлемі ұлғайтылды;
  • дәрігерлер үшін «Отбасы банкі» арқылы жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске қосылады. Яғни 5%-бен әрі бастапқы жарнасыз баспана алу мүмкіндігі туады. Дәрігерлерге арналған мұндай ипотекалық жеңілдік Атырауда ғана жасалып отыр.
  • Облыс әкімінің 110 оқу гранты бөлінді.