Авиациялық әкімшілік Qazaq Air-ді тексеруді бастады

0
2 430

13 ақпанда Алматы әуежайында Qazaq Air ұшағының дөңгелегі жарылған еді.


Авиациялық әкімшілік Qazaq Air-ді тексеруді бастады

ERNUR.KZ. Қазақстанның авиация әкімшілігі Qazaq Air әуе компаниясын жоспарлы тексеруді бастады, деп жазады Stan.kz.


"Авиакомпанияның ұшуды пайдалану, ұшуға жарамдылық және медициналық бағыттағы қызметі, сондай-ақ лицензиялар мен сертификаттар беру бойынша қызметі тексеріледі. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жылына кемінде бір рет әуе кемелерін пайдаланушыларға инспекция жүргізеді", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, 12 ақпан күні сағат 23.20 - да Qazaq Air әуекомпаниясының Нұрсұлтан-Шымкент бағыты бойынша QAZ427 рейсінің ұшағы авиациялық оқиға болды. Алдыңғы дөңгелектің жарылған қақпағына байланысты әуе кемесі ұша алмады.
13 ақпанда Алматы әуежайында Qazaq Air ұшағының дөңгелегі жарылды. Кейін Алматы әуеайлағына қонғаннан кейін шассидің пневматикасына зақым келген Qazaq Air әуе компаниясының ұшақ командирі оқиғаның егжей-тегжейін айтып берді.