Тамыз айының соңында қазақстандықтарға Австрия билігі баспана беруден бас тартты.
ERNUR.KZ. Австрияның Нидервальдкирхен атты шағын қаласының тұрғындары қазақстандық отбасын депортациялауға қарсы шығып, митинг ұйымдастырды, деп жазады zakon.kz.
Шетелдік басылым Қазақстаннан келген отбасының қалада 2015 жылдан бері тұратынын, олардың 8 және 10 жастағы екі баласы барын жазады. Қала тұрғындарының айтуынша, отбасы неміс тілін үйреніп, жергілікті қауымдастыққа жақсы сіңісіп кеткен. Алайда тамыз айының соңында қазақстандықтарға Австрия билігі баспана беруден бас тартты. Бас тарту себептері, сондай-ақ отбасы мүшелерінің аты-жөні туралы айтылмайды.
"Олар әртүрлі фестивальдарға қатысып, көшет отырғызу секілді қоғамдық қызметке жақсы араласады. Көп уақыт бойына олар біздің жанымызда жүріп, өз отбасымыздай болып кетті, әрине қапалымыз, оларды қайта Отанына жер аударудың себебін де түсіне алмай отырмыз, - деді жергілікті тұрғын Мариан Хорецедер.
Ал Австрияға бас сауғалап барған Қазақстан азаматтары бұл әрекетін былай түсіндіреді:
"2013 жылы 2 және 4 жасында балаларымызды ұрлап, бізді бопсалаған. Содан кейін біз кетіп қалдық ол жақтан. Сондай шешім шығардық".