​Автобус жолағымен жүрген жүргізушілер 1 млрд теңгеге жуық айыппұл төлейді

0
1 131

Алматыда автобус жолағымен жүрген жүргізушілер 975 млн теңге айыппұл төлейді.


​Автобус жолағымен жүрген жүргізушілер 1 млрд теңгеге жуық айыппұл төлейді

ERNUR.KZ.Алматыда автобус жолағымен жүрген жүргізушілер 975 млн теңге айыппұл төлейді, деп жазады ҚазАқпарат.

Жергілікті полиция қызметі жыл басынан бері қоғамдық көлік жүретін жолмен жүріп, ереже бұзған 86 мың деректі тіркеді.

Қалалық ІІД баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, көбінесе жүргізушілерге Райымбек көшесінде – 222,9 млн теңге, Төле би даңғылында – 206,3 млн теңге, Абай даңғылында – 203,1 млн теңге айыппұл салынған.

7 айда Алматыдағы арнайы автобус жолдарында жүргізушіге 974,9 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.