Автогаз құю станцияларында тұрмыстық баллондарға газ құюға тыйым салу ұсынылды

0
571

Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов атап өткендей, заңдағы 28-баптың 5-тармағына сәйкес, тұрмыстық газ балллондарын арнайы газ құю станцияларында толтыруға болмайды.


Автогаз құю станцияларында тұрмыстық баллондарға газ құюға тыйым салу ұсынылды

ERNUR.KZ. Оларды құю тек арнайы газ толтыру бекеттерінде жүргізіледі, деп жазады baq.kz.

"Ол техникалық тұрғыдан алғанда қауіпсіз, себебі арнайы тексеріс жүргізіледі. Баллонның сапасына кепілдік беріліп, рәсімделеді. Арнайы тауар белгісі оны есепке алу үшін жүргізіледі. 2022 жылғы мәліметтер бойынша 65 газ баллонының жарылысы болды. Оның ішінде автогаз құю станцияларында болған жарылыс та бар. Сол себепті газ толтыру бекететтеріндегі жұмыстар жалғастырылады. Қазір заң бойынша тыйым салынып отырған мәселе: автогаз құю станцияларында тұрмыстық баллондарға газ құюға тыйым салу", - деді ол.

Мәжілістің жалпы отырысында Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Екатерина Смышляева газ толтыру орындары халықты қамтамасыз етуге қауқары жету-жетпеуіне қатысты пікірталас туып жатқанын айтты. Ол бұл мәселе екінші оқылымға дейін талқыланатынын жеткізді.

Мәжілісте бірінші оқылымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сұйытылған газ айналымын реттеу процестерінің реинжинирингі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасы талқыланып жатқанын айта кетейік.

Заң жобасы сұйытылған мұнай газының бөлшек сауда бағаларын мемлекеттік реттеуді енгізуге, сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізу кезінде бағаларды мемлекеттік реттеу тәртібін өзгертуге, «газ толтыру пункті», «газ толтыру станциясы», «мұнай-газ-химия өнімдері» ұғымдарын нақтылауға, «тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру», «сұйытылған мұнай газын өндірушінің өндірістік объектісі» және «топтық резервуарлық қондырғы» ұғымдарын айқындауға бағытталған.