"Арматурамен ұрған": Аяусыз таяқ жеген Бурабайдың экс- әкімі қайтыс болды

0
948

Марқұмның артында кішкентай екі баласы қалды.


ERNUR.KZ. Кеше Ақмола облысында Бурабайдың әкімі Шыңғысхан Темірбековті жерлеу рәсімі өтті. Марқұм ауылдың басшысы болып бірнеше жыл қызмет атқарған. Кейін салық департаментінде жұмыс істеген. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары қылмыстық істі тергеуде, деп жазады kaz.nur.kz.

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде марқұмның туыстары үндеуі пайда болған. Онда 23 мамыр күні Зеленый Бор ауылында Шыңғысхан Темірбековті әлдекімдердің арматурамен аясыз ұрғаны айтылған.

Салдарынан ер адам басынан ауыр жарақаттар алған, самай сүйегі сынған. 30 мамырда бұрынғы әкім ауруханада көз жұмған. Шенеуніктің туыстары үндеу барысында күдіктінің үйде екенін жеткізген.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі редакция сауалдарына жауап берді.

Ведомство 23 мамырда Щучинск тұрғынының денсаулығына ауыр залал келтіру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді.

25 мамырда тәртіп сақшыларының осы қылмысты жасадып жеп күдіктелген азамат Бурабай аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі болды. 7 мамырда сот күдіктіні үй қамағына алу шешімін шығарған. 30 мамырда жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі (Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтыратын денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша өзгертілген. Күдікті қайтадан Бурабай аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Аталған факт бойынша тергеу бөлімі мұқият және объективті тексеру жүргізеді. Қылмыстық іс полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деп хабарлады ведомстводан.

Марқұм Шыңғысхан Темірбековтың артында кішкентай екі баласы қалды.