Азаптау бойынша сотталғандар мерзімінен бұрын бостандыққа шықпайды - заң жобасы

0
518

Қазіргі қолданыстағы заңда мұндай талаптар жоқ.


Азаптау бойынша сотталғандар мерзімінен бұрын бостандыққа шықпайды - заң жобасы

ERNUR.KZ. "Ашық" НҚА нормативті-құқықтық актілер сайтына "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заң жобасы жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

Заң жобасы ұсынып отырған өзгерістерге сай, азаптау фактісі бойынша сотталғандар шартты түрде мерзімінен бұрын босау құқығынан айырылады.

"Қылмыстық кодекстің 73-бабына (Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру немесе тағайындалған жаза мерзімін қысқарту) сәйкес бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы бас бостандығын шектеумен ауыстырылған, бұрын өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеуден шартты түрде босатылғандар, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеу кезеңінде жаңа ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағандар мен азаптау үшін сотталғандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарасы әсер етпейді", - делінген құжатта.