Қазақстанда тағы бір банктің линцензиясы тоқтатылды

0
1 247

18 сәуірде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк өкілдерімен кездесуде елдегі Astana bank, Qazaq banki және Эксим банктің жұмысын нашар деп бағалап, акционерлері мен басшыларын сынаған.


Қазақстанда тағы бір банктің линцензиясы тоқтатылды

Қазақстанның Ұлттық банкі 28 сәуірде Qazaq Banki-нің жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясын тоқтатты. Бұл туралы Ұлттық банктің ресми сайтында хабарланған.

Ұлттық Банктың хабарлауынша, Qazaq Banki төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді орындамай, пруденциялық нормативтерді және басқа да нормалар мен лимиттерді бұзған.

"Лицензия жаңа депозиттерді ашуға және жеке тұлғалардың жаңа банк шоттарын ашуға қатысты тоқтатыла тұрады. Банк қолданыстағы депозиттері мен есеп шоттарына қатысты қызмет көрсете береді. 1 сәуірдегі жағдай бойынша банкте жеке тұлғалардың 41 миллиард теңге депозиті бар" деп жазылған Ұлттық банк хабарламасында.

18 сәуірде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк өкілдерімен кездесуде елдегі Astana bank, Qazaq banki және Эксим банктің жұмысын нашар деп бағалап, акционерлері мен басшыларын сынаған. Оның айтуынша, бұл банктердің салымшылар алдында қарызы бар.