Бейнежазбада әзілкеш өзінің әжетханада отырған кезін түсіріп алған.
ERNUR.KZ. Аманғали Сыпабеков әжетханада отырған сәтін желіде жариялаймын деп елден оңбай сөз естіді. Көпшілік танымал әзілкештің қылығын аса ерсі санап, оны аяусыз сынның астына қалдырды деп жазады kaz.nur.kz.
Желі оқырмандарының ашу-ызасын Сыпабеквотың Instagram парақшасына жүктеген видеосы тудырған. Бейнежазбада әзілкеш өзінің әжетханада отырғанын түсірген.
Көпшілік әзілдемек болған жұлдыздың әрекетін түсінбей, оған қатысты кері пікірлерді қарша жаудырған.
"Аманғали жерлесім не болып кеткенсің" , "Осы да өнер ме?" , "Қайран қазағым, не үшін түсіріп отырғанын да білмейді ғой. Бәлкім ойланып жасаймыз әрбір ісімізді" , "Ұят. Ұялып тұрмын сіз үшін" , - деп жазуда көпшілік.